kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2317164
Бір айда205866
Бір аптада37938
Кеше7680
Тәулік2572
Ата-аналармен бірге спорттық-туристік жарыстар
21-09-2022 09:32
Ата-аналармен бірге спорттық-туристік жарыстар

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 2022 жылғы 17 қыркүйек күні «Әкем, анам, мен-спорттық отбасы» спорттық-туристік жарыстарын өткізді. Жарысқа 100-ден астам мектеп оқушыларынан тұратын 29 отбасылық команда қатысты № 18, 23, 34, 29, 1, 43, 17, 21, 4, 28, 19, Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ, орталық клубтарының тәрбиеленушілері.

Жарыс жалпы физикалық дайындыққа арналған «Кедергілер жолағы», «Төмпешіктер», «Түйін шешу», «Боулинг» зияткерлік  тапсырмалардан тұрды. Отбасылық командалар 2 жас  санаты бойынша жарысты.

10 жасқа дейінгі «Әке, ана және бала» санатында № 21, 17, 34 ЖОМ командалары, 11 - 15 жас тобында «СЮТур» балалар-аула клубының командасы үздік атанды.

10 жасқа дейінгі «Екі бала және ата-ана» санатында № 28 ЖОМ, Қ. Мақпалеев атындағы отбасылық командалар, 11 - 15 жас тобында № 34 ЖОМ командасы I орын алды.

- Бұқаралық, көңілді және ойын-сауық спорттық мереке болды, барлық кедергілерді жеңіп, тапқырлық, ерік-жігер, ұмтылыс пен ұйымшылдық танытып, барлық 29 команда мәреге сәтті жетті дейді жарыстың бас төрешісі, экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогы Мицкевич Алена Валерьевна.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Қатысушыларға «Жас эколог» мұражайы, жылыжай, орталықтың экологиялық-ботаникалық кешені бойынша экскурсия ұсынылды.