ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлке тарихы туралы павлодарлық оқушылардың шығармашылық жұмыстары
21-09-2022 09:40
Туған  өлке тарихы туралы  павлодарлық оқушылардың шығармашылық жұмыстары

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 19 қыркүйекте  жас тарихшылардың «Менің кіші отаным»  республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты -туған елінің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды қолдау, шығармашылық қабілеттерін, өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін дамыту, қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімін, өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру. Қаланың  жалпы білім беретін мектептердің 9 - 10 сыныптарынан 107 оқушы қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар Қазақстан тарихын білуге арналған тестілеуден өтіп, 4 номинация бойынша білімдерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша 48 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 4 оқушы, II орын - 13 оқушы, III орын - 31 оқушы.

«Менің кіші отанымның тарихы» номинациясында бейнерепортаж  тұсаукесерінің жеңімпазы № 40 ЖОМ 9 сынып оқушысы Қабыкен  Мөлдір. Ол өзінің бейнерепортажында Павлодар ауылы, мешіті, Ертіс өзені  жағалауының тарихы туралы айтып берді.

«Менің кіші отанымның символы» номинациясы бойынша № 25 мектептің 10 сынып оқушысы Зейніл Гүлнара жеңімпаз атанды. Баянауыл ауданында орналасқан қара алдыр ағашы кіші Отанымыздың символына айналды. Бұл реликті  өсімдік - тірі қазба, сирек кездеседі. Өйткені, олар ежелгі дәуірден бері өзгеріссіз сақталған.

«Менің кіші отанымның болашағы» номинациясында «Усолка шағын ауданының болашағы» макетінің тұсаукесері өтті, № 9 гимнизия мектебінің 10 сынып оқушысы Матвей Иванов жеңімпаз атанды. Ол Усолканы  абаттандыру жобасында демалыс аймағын-спорттық - ойын-сауық алаңдарын, саябағын  кеңейтуді ұсынды.

«Менің туған өлкем» номинациясында  өзінің  тұрғылықты тұрған жері  туралы эссе байқауында № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Дильназ  Байдильдинова жеңімпаз атанды. «Кіші отанымыздың құндылығы» тақырыбындағы эсседе Павлодар облысының аумағындағы киелі нысандар, Мәшһүр Жүсіп  Көпеевтің кесенесі, өлкенің бірегей табиғаты, Қызыл кітапқа енген сирек жануарлар туралы жазған.

Бұл оқушылар, байқау жеңімпаздары 2022 жылдың 14 қазанында облыстық кезеңге қатысады.