kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2316530
Бір айда205232
Бір аптада37304
Кеше7680
Тәулік1938
Аға тәлімгерлердің қалалық семинары
22-09-2022 10:22
Аға тәлімгерлердің қалалық семинары

    Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығында 2022 жылғы 21 қыркүйекте аға тәлімгерлердің «Жаңа жол, жаңа мақсаттар» ұйымдастыру отырысы өтті. Мақсаты - орталықтың аға тәлімгерлермен бірлескен жұмысы, ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастыру.

    Семинарда «Павлодар дарыны» орталығының  жаппай-ұйымдастыру  бөлімінің меңгерушісі Р. М. Айдарханова 2022 - 2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Жоспарда мерейтой, атаулы күндер, көрнекті өнер қайраткерлері, ақындар мен жазушылар бойынша іс-шаралар, тәрбие жұмысының бағыттары бойынша конкурстар, оқушыларды қызығушылықтары бойынша  бос уақытының  қамтылуы  жоспарланған.

    «Мектептегі аға тәлімгердің рөлі» тақырыбында № 26 ЖОМ тәлімгері Д. А. Грейнштейн баяндама жасады. Ол мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару қызметі туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, «Жас Ұлан» балалар бірлестігінің дамуы , еріктілер қозғалысын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау туралы айтты. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді, әдістемелік материалдармен алмасу болды.