ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің жас педагогтерінің әдістемелік калейдоскопы
30-09-2022 11:03
Қала мектептерінің жас педагогтерінің әдістемелік калейдоскопы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 36 ЖОМ педагогикалық ұжымымен бірлесіп «ПроЛС» клубының бірінші отырысын өткізді (жас маманның кәсіби-тұлғалық қалыптасуы). «Вхождение в профессию» әдістемелік калейдоскопы түріндегі отырысқа университеттер мен колледждерді бітіргеннен кейін бірінші жыл жұмыс істейтін қала мектептерінің 108 жас маманы қатысты.

Пленарлық бөлімде білім беру бөлімінің әдіскері, «ПроЛС» клубының басшысы Шолпан Саменқызы Нұрахметова жас мамандарға әдістемелік сүйемелдеу көрсету мәселелері бойынша сөз сөйледі, педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен жобаны және «ПроЛС» клубының жұмыс жүйесін - Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысымен, тәлімгерлер мен жас мамандар форумымен кездесу өткізуді, пікірталас клубын, домбыра ансамблін құруды ұсынды. Мазмұнына нормативтік-құқықтық база, сайттар, цифрлық ресурстарға сілтемелер, кәсіби байқаулардың ережелері және «ПроЛС» клубының, жас педагогтер кеңесінің жұмыс жоспарлары енген «Жас педагогтің нұсқаулығы» электронды жинағын таныстырды.

Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының басшысы Нұрлан Сағындықұлы Сарбасов өз сөзінде жас педагогтің кәсіби қасиеттерін қалыптастыру және бағалау бойынша курстық даярлықтың мазмұнын, кәсіби өсуді арттыру мәселелеріне тоқталды. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы «Психологиялық интеллект» тақырыбында диалог форматында сөз сөйледі. Жас мамандар кеңесінің төрағасы Омаров Олжас Алпысбайұлы қатысушылармен кеңестің жұмыс жоспарын талқылады. Пленарлық бөлімнің соңында М. Әлімбаев атындағы мектеп директорының орынбасары Бақытхан Оразбек өзінің «Жас педагогтердің әнұранымен» таныстырды.

Практикалық бөлімнің модераторы № 36 мектеп директорының орынбасары Надежда Владимировна Копыльцова болды. 3 педагогикалық шеберхана жұмыс істеді.

Осы мектептің педагог-психологі Максим Николаевич «Педагог тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, мәселелері және мүмкін болатын шешімдері» атты тренинг өткізді. Тренингке дәріс және практикалық блоктар кірді.

Педагогикалық шеберлік жұмысы «Тайм-менеджмент. Жас маманның портфолиосын» орыс және ағылшын тілі мұғалімдері С.С. Шевчук, К. Д. Загравская, А. В. Пилипенко, А. И. Турий-Ладыко жүргізді. Шебер-сағат нормативтік құжаттарды, мұғалім портфолиосының құрылымын, өз жұмысын ұйымдастыруда өзін-өзі тәрбиелеу тақырыптары мен өзін-өзі бақылау аспектілерін зерттеуге бағытталды.

«Заманауи сабақтың әртүрлі кезеңдерінде инновациялық әдістерді қолдану» педагогикалық шеберлікті мұғалім-тәлімгерлер Г. В. Артемова, Г. Р. Успанова, А. М. Зайрова, И. Г. Омельницкая, В. А. Улькина қатысушыларды «Суретті жина», «Дұрыс сөздерді орнына қой», «Астарлы әңгіме», «Айтылымды аяқта», «Синквейн» сыни ойлау стратегияларымен таныстырды.

Өткізілген іс-шараның нәтижелілігінің рефлексиясы Google Forms арқылы электрондық сауалнама форматында өткізілді. Сауалнаманы талдау қорытындысы жас мамандардың білім беру саласында одан әрі жұмыс істеуге ынталы екенін, педагог мамандығын дұрыс таңдауда дәлелденгенін көрсетті. Қала мектептерінің жас мамандарының чаты құрылды. Осы отырыстың материалдары жас мамандардың электронды-әдістемелік дайджестінде орналастырылып, қала мектептеріне жолданды.