ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың «Қамқорлық» акциясына қатысуы
30-09-2022 12:05
Оқушылардың «Қамқорлық» акциясына қатысуы

   Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап «Үлкеннің жүрген  жері  береке - жастың жүрген  жері мереке» тақырыбында «Қамқорлық» қалалық акциясы өтті. Акцияға қаланың 14 жалпы білім беретін мектебінің 6 - 8 сынып оқушылары қатысты. Акцияны ұйымдастырушы Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту   орталығы болып табылады. Акцияның мақсаты - мәдени-адамгершілік тәрбие беру, аға буынға құрметпен қарауды қалыптастыру, олардың өмірбаянын, облыстың, елдің дамуына қосқан үлесін білу, егде жастағы адамдарға көмек көрсету және оларға қамқорлық жасау жөніндегі іс-шараларға қатысу.

  Соғыс ардагерлерімен, еңбек ардагерлерімен, шағын ауданның зейнеткерлерімен кездесулердің үздік фотоесептері әлеуметтік желілерде, Instagram-да қойылды. Өскелең ұрпақтың аға буынға деген ризашылығы мен құрметін білдіру мақсатында 28 қыркүйекте акцияны ұйымдастырушылар № 26 ЖОМ оқушыларымен бірлесіп облыстың жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арнаулы қызметтер көрсету орталығына барды. № 15 ЖОМ оқушылары сынып жетекшілерімен бірге мектептің еңбек ардагерлеріне барды.