Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап «Үлкеннің жүрген жері береке - жастың жүрген жері мереке» тақырыбында «Қамқорлық» қалалық акциясы өтті. Акцияға қаланың 14 жалпы білім беретін мектебінің 6 - 8 сынып оқушылары қатысты. Акцияны ұйымдастырушы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы болып табылады. Акцияның мақсаты - мәдени-адамгершілік тәрбие беру, аға буынға құрметпен қарауды қалыптастыру, олардың өмірбаянын, облыстың, елдің дамуына қосқан үлесін білу, егде жастағы адамдарға көмек көрсету және оларға қамқорлық жасау жөніндегі іс-шараларға қатысу.
Соғыс ардагерлерімен, еңбек ардагерлерімен, шағын ауданның зейнеткерлерімен кездесулердің үздік фотоесептері әлеуметтік желілерде, Instagram-да қойылды. Өскелең ұрпақтың аға буынға деген ризашылығы мен құрметін білдіру мақсатында 28 қыркүйекте акцияны ұйымдастырушылар № 26 ЖОМ оқушыларымен бірлесіп облыстың жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арнаулы қызметтер көрсету орталығына барды. № 15 ЖОМ оқушылары сынып жетекшілерімен бірге мектептің еңбек ардагерлеріне барды.