ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
КГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 21» г. ПАВЛОДАР
07-10-2022 10:02
КГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 21» г. ПАВЛОДАР

Ғайша Бақтыбайқызы Ракишева

 

Бастауыш сынып  мұғалімі

 

«Жаңартылған білім беру жағдайында мәтінмен жұмыс жасаудағы әдіс-тәсілдердің нәтижесі»

 

«Результаты методики работы с текстом в контексте современного образования»

 

Зерттеу мақсаты: мәтінмен жұмыс жасауда тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларымен үздіксіз жұмыс жасау;

Мақсатқа жету жолында болжам тұжырымдалынып, зерттеу міндеттері анықталды: оқу-тәрбие барысында тиімді әдіс-тәсілдердің көмегімен сапалы білім беру және алуда мұғаліммен оқушы, оқушымен мұғалім арасында үздіксіз кері байланыс жүргізу;

Бұл тәжірибе  тарату жұмыстың өзектілігі жаңартылған білім беру жағдайында мәтінмен жұмыс жасаудағы әдіс-тәсілдердің нәтижесі оң болуы.

Біріншіден мәтінмен  жұмыс жасаудағы әдіс-тәсілдерінің құрылымдылық-фунционалдық моделі құрылды. Ол Эдихуб үлгісіндегі бағалауды дамыту циклі бойынша мәтінмен жұмысты жоспарлау, әдіс-тәсілдердің көмегімен дамыту, тәжірибе жүзінде қолдану, жұмысты шынайы бағалау, сабақ процесінде үздіксіз кері байланыс жүргізілді. Кері байланыс жүйесінің мақсаты мен міндеттері айқындалған.

Екіншіден зерттеу барысында кері байланыстың жұмыс құралдары мен тиімді әдістері анықталды. Кері байланыс барысында қағидаттары құрылды. Сонымен кері байланыс мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы, мұғалім мен ата-ана, ата-ана мен баласы арасында жүретіні анықталып, зерттеу жұмысы жүргізілді. Бұл зерттеу барысында мұғалім үшін оқушының қателіктері мен олқылықтары белгілі болып, түзету жұмыстары туралы жазылды. Ең бастысы кері байланыстың тәжірибелік жұмысы көрсетілді. Кері байланыстың оқушы үшін өте маңызды болып табылады. Себебі  кері байланыстың көмегімен оқушының уәжін тудырып, оқуда жетістікке жетікзітін бір жолы болып табылады. Оқушы, мұғалім және ата-ана үшін кері байланыс барысында оңтайлы өзгерістерге қол жеткіздік.

Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерден тұрады:

1.Мәтінді оқығанға дейінгі кезең;

2.Мәтінмен жұмыс кезеңі:

3.Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең

1.Мәтінді оқығанға дейінгі кезең;

Мәтінмен танысу;

2.Мәтінмен жұмыс кезеңі:

- Мәтінді түсініп оқу;

- «Stop - кадр» әдісі;

- Мәтіннің түрі;

-Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс;

Пиктограмма әдісі;

3.Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.

Жоспар құру;

Сұрақ қою техникасы;

Жабық сұрақ (орта деңгей)

Ашық сұрақ (жоғары деңгей)

-Тест құрастыру әдісі

1 кезең - мәтінмен танысуда оқушылар

  • Мәтіннің тақырыбы  мен авторын терең білді;

Берілген кесте көмегімен мәлімет ұзақ мерзімде есте сақтады. Себебі, оқушы өзі  жазып, ізденіп және оған талдау жасау барысында есте сақтаудың 90 пайызы анықталады.

2 кезең- мәтінді оқуда оқушылар

  • «Stop- кадр»әдісі көмегімен оқушының қиялы белсенді дамыды;
  • Мәтіннің түрін анықтап, әңгімелеу, сипаттау және пайымдау мәтін ажыратып, құрастыра алды;
  • Сөзді түртіп алып, оған синоним сөзді табудың жолдарын қолдана алды;
  • Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасауда оқушылардың сөздік қоры жетілдірілді;
  • Пиктограмма әдісі көмегімен оқушы мазмұндау оңайға түсіп, қызыға түсті;
  • Мазмұндауды жылдам үйренді.

3 кезең- мәтінмен жұмыста оқушылар

  • Тірек сөздердің маңыздылығын түсінді;
  • Мәтінге сыни тұрғыдан баға бере алды;
  • Мәтінге жоспар құруды үйренді;
  • Тест құрастырып, оны орындап, әрі тексере алады.

Үшіншіден жаңартылған білім беру жағдайында мәтінмен жұмыс жасаудағы әдіс-тәсілдердің нәтижесін оң болу үшін ең бастысы оқушылардың уәжін тудырып, дамыту болып табылады. Жұмыста сыртқы уәж бен ішкі уәждің айырмашылығы мен түсінігі жазылған. Уәж дамытуда мадақтаудың түрлері көрсетілген. Сонымен қатар, уәжді өсіретін және уәжді өшіретін факторлар ұсынылған. Бұл тәсілдерді тәжірибеде қолданып, оқушының әсері және бойындағы өзгерістері туралы жазылған. Оқу барысында уәж дамытатын зерттеудің алғашқы күндерінің және зерттеуден кейінгі туындаған мәселелері, мақсаты, жаңа әдіс-тәсілдері мен нәтижесі көрсетілген. Осы зерттеу барысында әр оқушының уәжін дамытуда оқушылардың пән бойынша тақырыпты меңгеріп, сабақ мақсатына жетудің бір жолы зерттелді. Сонымен білім сапасының артуы сынып жетекшісі үшін және пән мұғалімі үшін де маңызды роль атқарады. Оқушылардың бағыттары анықталды. Оқушылар бағыт бойынша конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болғаны көрсетілген. Мұғалім әр оқушының уәжін дамытуы көрсетілген.

                           Төртіншіден әр оқушының бағытын анықтап, шығармашылығының көмегімен мәтінмен жұмыс жүргізіп, гуманитарлық пәндерден сыныптың білім сапасының оң өзгерістері дәлелденді.

Қорыта келгенді жаңартылған білім беру жағдайында мәтінмен жұмыс жасаудағы әдіс-тәсілдердің нәтижесідиагностикасы жүзеге асырылды. Зерттеу  тобының білім сапасының салыстырғанда экперимент тобы нәтижесі +31,22% даму динамикасын көрсетті.