ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 34 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ
07-10-2022 10:19
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 34 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» КММ

Зада Мухаметқалымқызы

Кисамиденова

 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі

 

«Қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясының элементтерін қолдану»

 

Жалпылау педагогикалық тәжірибенің мақсаты:

Мектеп жасындағы балалардың танымдық әрекетін дамытуда ойынның маңыздылығын айқындау.
 Міндеттері:

 - оқушыларға ойын әрекетінің маңызын көрсету;

- ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет
ретінде зерттеу;

- қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.

«Біз бүгін еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Бұл орында мұғалім қауымына артылатын жүктің салмағы ауыр екені белгілі.

Ұстаздың жүгін адал орындау – біздің парызымыз. Ең алдымен, мұғалімге керегі – өз пәнін жете меңгеру. Ол үшін үздіксіз ізденіп, өз біліктілігін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай озық тәжірибелерді іскерлікпен пайдалану керек.

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» деген пікірімен бала өміріндегі ойынның маңыздылығына көз жеткізуге болады.

Ойын дегеніміз – баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады, алғырлықты, тапқырлықты, логикалық ойды дамытады. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі түрі, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойын сабақтың басында өткен тақырыпты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Мысалы: дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жасына сай күрделенгені дұрыс. Ойынның түрлері көп. Сондықтан ойын баланың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға айналып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.

Сабақта ойын түрлерін өткізу оқушылардың ой - өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтуға әкеледі.

Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, жағдаяттық жағдайда, бағыттық түрде іскерлігін көрсететін, өзін - өзі басқаруын жетілдіретін іс - әрекет. Ұлы педагог В. А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» дейді.

«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» , - деп М. Жұмабаев атап көрсеткендей, оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі сабағында орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді.

Қазақ тілі сабақтарында қолданылған дидактикалық ойындарды сабақтың мақсатына қарай мынадай түрлерге бөліп қарастырады:

1.Тапқырлық ойындар

2.Ізденімдік ойындар

3.Рөлдік ойындар

4.Іскерлік ойындар

Қорыта келгенде, ойын арқылы оқушының қисынды ой - қабілеті дамиды, өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, сөздік қоры байиды, тілі дамиды, зейіні қалыптасады, байқампаздығы артады, өзара сыйластыққа үйретеді, тәртіптілікке баулиды, бір - біріне сенімі артады, сабаққа қызығушылығы артады.Осылайша, ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді. Өз тәжірибемде ойын элементтерін қазақ тілі сабақтарында жаңа технологиямен ұштастыра отырып, солардың нәтижесін оқушыларымның мынадай жетістіктерінен көріп жүрмін. Білім байқауында, олимпиадаларда, түрлі байқауларда жетістіктерге жетіп жүрген оқушыларым бар.

Алдағы уақытта да өз сабақтарымда ойын элементтерін қолдану арқылы оқушыға қазақ тілін терең меңгертуді, оқушы сауаттылығын арттыруды мақсат етемін.