ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
КГУ «ЖЕТЕКШИНСКАЯ СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ГОРОДА ПАВЛОДАР»
07-10-2022 11:48
КГУ «ЖЕТЕКШИНСКАЯ СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ГОРОДА ПАВЛОДАР»

Гүлнәз Орынғазықызы Орынгазиева

 

Бастауыш сынып мұғалімі

 

Зерттеу жұмыстары арқылы оқушылардың

шығармашылығын дамыту

 

Развитие творчества учащихся через

исследовательскую работу

 

Бауыржан Момышұлы: «Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес» дегендей, осы тақырыпты таңдап алуыма себеп болды.

Мақсаты: зерттеу жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Міндеті: Алған білімдерін өмірмен ұштастыру, оны тәжірибеде  қолдануға үйрету; тұрмыстық проблемаларды шешуге үйрету;

Өзектілігі: мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту, PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулеріне дайындық және өмір жағдайына бейімдеу.

Жаңашылдығы: бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана алуы.

Қолданылуы: Мұғалімдерге  арналған сабақта, мемлекеттік бағдарламаларды дәріптеуде үйірме, факультатив сабақтарында қолдануға болады.

            Мен өз тәжірибемде зерттеу жұмыстарын дамыту үшін «Жобалау» технологиясын қолдандым, себебі бұл технология  оқушыларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау болып табылады.

Осы технологияны өз тәжірибемде қолданғанда:

оқушылар бір-біріне сауалдар қоюды, дәлелдеуді, талдауды, зерттеуді, тәжірибе жасауды, өзінің және басқаның жұмысын шынай бағалауды үйренді.

Жобалау технологиясын ары қарай дамыту үшін зерттеу жұмыстарын жазуды қолға алдым.

Бастауыш сынып оқушыларымен ғылыми жоба жазу жұмыстары дами бастады. «Зерттеу жұмыстары» атты факультатив курсына арнап 34 сағаттық күнтізбелік тақырыптық жоспар құрастырдым. Осы жоспар бойынша жұмыс істедім.

Қортынды: «Естігенді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін» Конфуций

              Мен жобалау технологиясын барлық сабақта қолдана отырып, оқушылардың зерттеуге деген қызығушылығын арттырдым.

Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа жетелеуде. Сонымен, оқушылар дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, іс – әрекет жасай алатын тұлға болып қалыптасады.

Жобалау технологиясын қолдануда әр оқушы:

Бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді

Өз ойын еркін жеткізуге, дәлелдеуге дағдыланады

Қажетті ақпараттарды жинап, талдау жүргізеді

Өзіне деген сенімі артады

            Оқушылардың білім сапасы артты. Жобалық іс – әрекеттерге тартылды. Шығармашылық қабілеттері дамып, өздерін қызықтырған тақырыпта ғылыми жобалар жазды.