ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Жылдың үздік психологі» қалалық кезеңінің қорытындысы
10-10-2022 08:48
«Жылдың  үздік  психологі» қалалық кезеңінің қорытындысы

2022 жылғы 7 қазанда Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Конкурс талантты психологтерді анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби дамуы және шығармашылық тұрғыдан өсуіне ықпал ету мақсатында өткізілді. Қалалық кезеңге қала мектептері мен балабақшаларынан 17 педагог-психолог қатысты.

Конкурс қорытындылары бойынша І орынды № 20 мектеп-лицейінің педагог-психологі Баильдинова Динара Сарсенбаевна, ІІ орын - № 120 сәбилер бақшасының педагог-психологі Бекен Мансура Бекенқызы, № 96 сәбилер бақшасының педагог-психологі Марилова Светлана Александровна, № 27 сәбилер бақшасының педагог-психологі Кишкина Наталья Петровна,  ІІІ орын - № 19 мектептің педагог-психологі Шегір Саягүл Жұмаділқызы, № 49 санаторлық сәбилер бақшасының педагог-психологі Березовская Наталья Олеговна иеленді. Олар байқаудың облыстық кезеңіне қатысатын болады.

Сондай-ақ номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды «Кәсіби шеберлік» - № 35 сәбилер бақшасының педагог-психологі Ховалко Галина Петровна, «Психолог-зерттеуші» - № 11 сәбилер бақшасының педагог-психологі Кадочникова Наталья Алексеевна, «Жас психолог» Жетекші мектебінің педагог-психологі Матенова Айдана Булатовна.