ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
9-11 сынып оқушыларының қалалық пікірсайыс турнирі туралы
17-10-2022 13:51

Республика күнін мерекелеу аясында № 1 мектепте 2022 жылғы 20 қазанда сағат 9.00-де «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен «Қазақстандықтар - болашағы біртұтас ұлт» атты қалалық пікірталас турнирін ұйымдастырылады. Мақсаты - оқушылардың елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және көпшілік алдында талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.

Турнирге мемлекеттік тілде оқытатын мектептерден 9 - 11 сынып оқушылары қатысады.

Турнир екі турда өтеді: іріктеу және қорытынды. Іріктеу кезеңі 3 ойыннан тұрады, оның қорытындысы бойынша қорытынды кезеңге қатысатын сегіз команда анықталады.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі