ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
8 -11 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі туралы
17-10-2022 13:53

Қазақстан Республикасының зияткерлік мүмкіншілігіне көмектесу,талантты және дарынды  жас зерттеушілерді қолдау және іріктеу мақсатында 8-11 сынып оқушыларына арналған ғылыми жоба байқауының қалалық кезеңі өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін қаланың 39 жалпы білім беру мектептерінен 282 жұмыс түсті. Жас зерттеушілердің  жасы  14-16.

Оқушылардың  зерттеу жұмыстарын  қорғау Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министрлігімен бекітілген,4 бағыт бойынша өтеді:

  1. «Ғылыми – техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны»   Секция: Физика, Техника, Космос және Жер туралы ғылым.
  2.   «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық моделдеу». Секция: Математика, Қолданбалы   математика, Экономика, Информатика.
  3. «Таза табиғи орта – Қазақстан  -2050 стратегиясын іске асырудың негізі». Секция. Биология, Химия,адам денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау.
  4. «Қазақстанның тарихы ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары». Секция: Тарих, Өлкетану, Этномәдениет, Әдебиет, Тіл білімі, адам және қоғам.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық кезеңге қатысады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі