ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас географтардың қалалық олимпиадасы
20-10-2022 18:09
Жас географтардың қалалық олимпиадасы

Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 19 қазанда «География» пәнінен  жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндер бойынша  кезекті жасөспірімдер  олимпиадасының  қалалық кезеңі  өткізілді. 7 - 8 сыныптардың 35 оқушысы, олимпиаданың мектеп кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Ережеге сәйкес олимпиада 2 турда өткізілді-олимпиадалық тапсырмаларды жазбаша орындау және практикалық тапсырмаларды ауызша тапсыру.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 9 жүлделі орынға ие болды. I орынды № 28 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ильков Богдан иеленді.

II орынды 2 қатысушы - № 35 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сальменова Риана және № 2 ЖОМ 7 сынып оқушысы Құрбан  Әнел иеленді.

III орынды 4 қатысушы - № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Волков Егор, № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Соколов Вячеслав, № 18 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ершова Юлия, М. Әуезов атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Копоть Александр, № 25 ЖОМ 7 сынып оқушысы Әлімхан Камила және № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Зелев Роман иеленді.

Олар Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Ең жоғары ұпай жинаған оқушылар жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.