Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 19 қазанда «География» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндер бойынша кезекті жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. 7 - 8 сыныптардың 35 оқушысы, олимпиаданың мектеп кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Ережеге сәйкес олимпиада 2 турда өткізілді-олимпиадалық тапсырмаларды жазбаша орындау және практикалық тапсырмаларды ауызша тапсыру.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 9 жүлделі орынға ие болды. I орынды № 28 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ильков Богдан иеленді.
II орынды 2 қатысушы - № 35 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сальменова Риана және № 2 ЖОМ 7 сынып оқушысы Құрбан Әнел иеленді.
III орынды 4 қатысушы - № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Волков Егор, № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Соколов Вячеслав, № 18 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ершова Юлия, М. Әуезов атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Копоть Александр, № 25 ЖОМ 7 сынып оқушысы Әлімхан Камила және № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Зелев Роман иеленді.
Олар Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Ең жоғары ұпай жинаған оқушылар жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.