ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің қалалық семинары
21-10-2022 09:27
Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің қалалық семинары

«Оқу мектебі» жобасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 24 сәбилер-балабақшасымен бірлесіп «Storysack - менің табысты әдісім» тақырыбында қалалық семинарды өткізді. Семинардың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту үшін инновациялық технологияны қолдану. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының 30 педагогі қатысты.

Семинардың модераторы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. Қ. Нұрғалиева, семинардың ұйымдастырушылары - № 24 сәбилер-балабақшасының жетекшісі Қ. Б. Хамзина, әдіскер Е. А. Гладышева болды.

Семинарда сәбилер-бақшасының педагогтері С.А. Давлетшина, Г. А. Щетинина, Е. А. Дорн, С. Т. Буданбаева жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Семинар қатысушыларына «Storysack» инновациялық технологиясын семантикалық оқу үшін пайдалану мәселелері бойынша әдістемелік материалдар ұсынылды, «Книжное дерево» оқырмандық отбасылық жобасы таныстырылды. Мектеп жасына дейінгі балаларды кітап оқуға тарту мақсатында «Storysack» технологиясын қолдану іс жүзінде көрсетілді.

Семинар қорытындысы бойынша балалармен жұмыс барысында одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсынымдар берілді.