2022 жылғы 21 қазан Республика күніне арналған іс-шаралар аясында Павлодар қаласындағы № 8 сәбилер бақшасында «Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашақ» байқауы өтті. Мақсаты - патриоттық тәрбие беру, тәуелсіз елдің тарихын, мәдениетін білу, мектепке дейінгі ұйымдардың өзара әрекеттесу және шығармашылық аясын кеңейту. № 5, 8, 30, 33, 44 балабақшаларынан 5 команда қатысты, әрқайсысында екі тәрбиеленуші және тәрбиеші, БАҚ өкілдері қатысты.
Байқау шарттары бойынша командалар тұсаукесерлерден бастады. Қатысушылар республика, Қазақстан күнін мерекелеу туралы викторинаның сұрақтарына жауап берді, «Таланттар» байқауына қатысты - достық, бейбітшілік, бақытты балалық шақ, Қазақстан халқының билері туралы әндерді орындауда өз қабілеттерін көрсетті. «Мен өз ісімнің шеберімін» байқауында инновациялық дидактикалық ойындарға қатысты. «Менің елім өркенде» байқауында - Қазақстанның қазіргі заманы мен тарихына байланысты ғимараттар мен құрылыстардың макеттері қорғалды.
Байқау қорытындысы бойынша № 30 балабақшаның командасы, тәрбиеші Юлдашева Әлия Оразбаева гран-при иегері болып танылды. І орынды № 44 балабақшаның командасы, тәрбиеші Байгундинова Эльмира Ержанқызы, ІІ орынды № 8 балабақшаның командасы, тәрбиеші Кабей Жайнагүл, ІІІ орынды № 33 балабақшаның командасы, тәрбиеші Мұхтарова Алтын Аманкелдіқызы иеленді. «Көрермендер көзайымы» номинациясын № 5 балабақшаның командасы, тәрбиеші Серікбай Әскем Серікбайқызы алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды, тәрбиеленушілер тәтті сыйлықтар алды.