ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балаларға жылулық сыйла
28-10-2022 11:44
Балаларға жылулық сыйла

Қазақстан Республикасындағы Қамқоршылар күні аясында 2022 жылғы 29 қазанда Павлодар қаласының 42 жалпы білім беретін мектептерінде қамқоршылар мен патронат тәрбиешілерді құрметтеу бойынша іс-шаралар өткізіледі. Мақсаты - рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған қамқоршыларды қолдау.

Қазіргі уақытта Павлодарда 462 баланы тәрбиелеу және дамыту үшін жағдай жасаған 368 отбасы бар. Қамқоршылар күніне орай қала мектептерінде «Мейірімділік сағаты», «Үлкендерге - құрмет көрсету» сыныптық сағаттары, «Балаларға махаббат сыйла» концерттері, «Кәмелетке толмағандардың өміріндегі қамқоршылықтың маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізіледі. Қамқоршылар мен патронат тәрбиешілерді құрметтеу асырап алынған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар туралы бейнероликтер көрсетіле отырып жүргізіледі.

Сонымен, № 17 ЖО үш және одан да көп бала тәрбиелеп отырған қамқоршыларға құрмет көрсетілді. Олар үшін музыкалық бағдарламамен және алғыс хаттармен мерекелік іс-шаралар өткізілді.