18 қараша сағат 10.00-де № 35 ЖОМ-де Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы бастауыш сынып оқушылары арасында математикалық турнирдің қалалық кезеңі өткізіледі.
Турнирдің мақсаты - бастауыш мектеп жасындағы математикалық дарынды балаларды қолдау.
2 - 4 сынып оқушылары, турнирдің мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады. Қалалық турнирге қатысу үшін квота қазақ тілінде оқытатын мектептерден және орыс тілінде оқытатын мектептерден 3 адамнан тұрады.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары турнирдің облыстық кезеңіне қатысады.
Павлодар қаласының білім бөлімі