ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Физика пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
16-11-2022 17:47
Физика пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

    15 қарашада «Физика» пәні бойынша бағдарламалау және жаратылыстану -математикалық ХІІ облыстық олимпиадаға Павлодар қаласының № 29, 39, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептердің 7 - 8 сыныптарының 3 оқушысы, олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

   Олимпиаданың мақсаты-оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру, жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру.Олимпиаданың облыстық кезеңінің ұйымдастырушысы Облыстың білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болып табылады.

         Олимпиада қорытындысы бойынша, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 8 сынып оқушысы Бексолтанов Сәбит ІІІ орынға иеленді және  «Ертіс дарыны» орталығының III дәрежелі дипломымен марапатталды. Мектепте Сәбит физика, химия, биология жаратылыстану-математикалық цикл пәндерімен шұғылданады. Болашақта осы бағыттар бойынша мамандық таңдауды жоспарлап отыр.