kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2234164
Бір айда187623
Бір аптада48775
Кеше2844
Тәулік8170
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы мәтінмен жұмыс істеудің маңызы
23-11-2022 15:41
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы мәтінмен жұмыс істеудің маңызы

«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру жоспары аясында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыс істеудің маңызы»  тақырыбында қалалық коучинг семинары өтті. Семинардың мақсаты - мәтін бойынша әдістемелік ұсыныстарды қолдану, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, білім беруде жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияды қолдану. Семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 30-ға жуық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогтары қатысты.

Семинар модераторы Павлодар қаласы білім бөлімінің әдіскері Әлібаева Зарина Серікқызы болды. Қатысушылар ашық сабақтарға, шеберлік сабақтарына қатысты. Бастауыш сынып мұғалімдері 3-сыныпта «Жылдың төрт мезгілі» тақырыбында мұғалім Алькеева Айнұр Қайырбекқызының, орта буын мұғалімі 6-сыныпта «Күннен келген адам» тақырыбында мұғалім Кенжина Айгүл Жорабекқызының және 9-сыныпта «Египетті басқарған қыпшақтар» тақырыбында мұғалім Исабаева Нұргүл Бабатайқызының сабағына қатысты. Мұғалімдер мәтінмен жұмыс істеудің әртүрлі белсенді әдістері мен әдістерін «Миға шабуыл», «Гүлмен тілек», «Пирамида», «Аквариум», «Пойыз», «Қос жазба күнделігі», «Қол шапалақтау», «Қолшатыр» сын тұрғысынан ойлау стратегияларын, АКТ-ны қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдарын көрсетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ажикенова Ботагөз Секербайқызы, Әубәкірова Гүлсім Зарқынқызы, Жерғасинова Гүлди Есенқызы «Мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Коучингте қатысушылар жұмыс тәжірибесімен бөлісті, әдістемелік ұсыныстармен алмасты. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін мектептерге жіберілді.