ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар бала құқықтары туралы сурет салды
24-11-2022 09:39
Павлодарлық оқушылар бала құқықтары туралы сурет салды

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Бала құқығы - адам құқығы» республикалық онкүндік аясында балалар бейнелеу шығармашылығының қалалық байқауы өткізілді. Байқау жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында 18 қарашада балалар көркемсурет мектебінде өтті. Мақсаты - құқықтық тәрбие, баланың құқықтары мен міндеттері.

25 мектептің 100-ге жуық балалары «Бала құқықтары - адам құқықтары» тақырыбында сурет салды. Балалар суреттерінде білім, отбасы, денсаулық, бақытты балалық шақ, отбасында демалу құқығын көруге болады.

- Суреттерге қарап, балалардың өз құқықтары мен міндеттері туралы не білетінін түсінуге болады. Бұл бізді, аға буын өкілдерін қатты қуантады. Азаматтық және құқықтық белсенділігі айқын, сауатты, өзіне сенімді жас ұрпақты тәрбиелеу маңызды, - дейді қазылар алқасының төрағасы Ерсін Қаскиұлы Такирбасов.

Байқау қорытындысы бойынша 12 жүлделі орын анықталды, олар 6 - 9, 10 - 12, 13 - 17 жас санаттары бойынша тиісті деңгейдегі көркемсурет мектебінің дипломдарымен марапатталды.

Р. Нұртазина атындағы мектептің оқушысы, 9 жастағы Соловьев Илья, акварельмен орындалған «Мектеп жылдары керемет» жұмысы үшін, 11 жастағы Айғожина Зейнеп, Қ. Бекқожин атындағы мектептің оқушысы, аралас техникада орындалған «Бақытты балалық шақ» жұмысы үшін, 13 жастағы Садуова Мадина № 30 ЖОМ оқушысы, аралас техникада орындалған «Бала құқығы» жұмысы үшін, 15 жастағы Шайхутдинова Варвара № 5 ЖОМ оқушысы графика техникасында орындалған «Балалық шақ» жұмысы үшін I орынды иеленді.

№ 24 ЖОМ оқушысы  9 жастағы Бақыт Ляйсана, гуашь техникасында орындалған «Қысқы демалыс» жұмысы үшін, 12 жастағы Маргунова Яна № 39 ЖОМ оқушысы, граттаж техникасында орындаған «Бірге өмірден ләззат ал» жұмысы үшін,  13 жастағы Әбенов Әділхан А. Байтұрсынов атындағы ЖОМ оқушысы акварель техникасында орындалған «Бақытты отбасы» жұмысы үшін, 15 жастағы Кайкен Томирис № 29 ЖОМ оқушысы акварель техникасында орындалған «Бақыт» жұмысы үшін II орынды алды.

№ 43 ЖОМ оқушысы 6 жастағы Жигулина Кира, түрлі-түсті қарындаштармен орындалған «Бүкіл отбасымен саңырауқұлақтар үшін» жұмысы үшін, 10 жастағы Доронина Екатерина, № 33 ЖОМ оқушысы, аралас техникада орындалған «Балалық шақ» жұмысы үшін, 14 жастағы Қырықбес Даяна, Малайсары батыр атындағы ЖОМ оқушысы гуашьпен орындаған «Балалар құқығы - адам құқығы» жұмысы үшін, 15 жастағы Сапарғали Алияна М. Жүсіп атындағы ЖОМ оқушысы, фломастерлермен орындалған «Бала құқығы - адам құқығы» жұмысы үшін ІІІ орынды иеленді.