ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептің жас мамандарының жұмыс тәжірибесі
08-12-2022 17:03
Мектептің жас мамандарының жұмыс тәжірибесі

2022 жылдың 7 желтоқсанында М.Әлімбаев атындағы мектепте «Тиімді кері байланыс - нәтиже кепілі» атты қалалық семинар өтті. Бұл семинардың басты мақсаты - тәжірибе алмасу, оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінен 30-ға жуық жас ұстаздар қатысты.

Семинардың модераторы Павлодар қаласы білім бөлімінің әдіскері Әлібаева Зарина Серікқызы болды. Семинарда мектептің жас мамандарымен жұмыс ұсынылды. Қазақ әдебиеті бойынша А. Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» 6-сыныпта мұғалім Елемесова Гүлханым Нұрлыбекқызы, физика пәні бойынша «Физика шамалар және оларды өлшеу» 7-сыныпта мұғалім Ақылбек Нұрсұлтан, бастауыш сынып мұғалімі бойынша «Сұраулы сөйлемдер» тақырыбында, 2-сыныпта мұғалім Ауған Меруерт Мұратқызы, тарих пәні бойынша «Моңғолдар әлемдік империяны қалай құрды» 6 сынып мұғалімі Есенқұл Ақәділ Кенжебекұлы. «Тиімді әдістемелер - сапалы сабақтардың кепілі» тақырыбында ашық сабақтар өтті.

Қонақтар үшін мектеп бойынша «Заманауи мектеп» экскурсиясы ұйымдастырылды. Семинар аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бірегей инклюзия кабинетінің ашылуы өтті. Кабинетте үш аймақ бар: түзету, релаксация, оқу, инклюзивті білім беру үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Қатысушыларға «Триумф» мектеп музыкалық-пластикалық театрының «Самал» оңалту орталығы тәрбиеленушілерінің қатысуымен қойылым көрсетілді. Театрды мектептің жас педагогтары құрды.