ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертіс сыңғыры
23-12-2022 09:28
Ертіс сыңғыры

Павлодар қаласының білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 19 желтоқсан күні «Ертіс сыңғыры - 2022» облыстық бард ән фестивалі өтті. Фестивалге облыстың 15 жалпы білім беретін, мамандандырылған мектебінің 80-нен астам оқушысы қатысты. Қатысушылар 3 жас тобында 3 шығармашылық номинациялары бойынша өнер көрсетті.

Оқушылардың орындауында Юрий Визбор, Болат Окуджава бардтарының әндері шырқалды. Аманжол Шамкенов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Минеев Владимир Высоцкийдің «Вершины» әнін орындады. № 26 ЖОМ оқушылары Попкова Каролина мен Нұрмұханбет Ержан Павлодар облысының танымал барды Марина Каримованың «Павлодар» әнімен дуэт жасады. Фестивалдің ең жас қатысушылары А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушылары «Аққу» ансамблі - музыка пәні мұғалімінің, өз жетекшісі Посадевец Галина Васильевнаның әнін орындады.

- Бард бағыты 50-ші жылдардың соңында пайда болды. Бард әні әрқашан патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, достық қарым - қатынастың беріктігін насихаттады, - дейді «СЮТур»  балалар аула клубының «Вертикаль» туристік клубының жетекшісі Оксана Владимировна Дьяченко.

«Гитарамен жеке орындау» номинациясы бойынша жүлделі орындарға облыс мектептерінің 12 оқушысы ие болды, оның ішінде 11 - 14 жас аралығындағы қатысушылар арасында І орын  А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушылары, II орын - № 41 ЖОМ, 17, 18, III орын - № 41 ЖОМ (2), 15 - 18 қатысушылар арасында  I орынды А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей, № 25 ЖОМ, II орынды № 40 ЖОМ, ІІІ орынды А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей, № 25 ЖОМ оқушылары иеленді.

«Дуэттер» номинациясы бойынша облыс мектептерінің 8 оқушысы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде 11 - 14 жас аралығындағы қатысушылар арасында І орынды Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейі, II орынды Ә. Бөкейхан атындағы мектеп - лицейі, № 41 ЖОМ, III орын - № 24 ЖОМ оқушылары иеленді. 15 - 18 жас аралығындағы қатысушылар арасында  І орынды № 26 ЖОМ, ІІ орынды А. Шамкенов атындағы мектеп - лицей оқушылары иеленді.

«Ансамбль» номинациясында облыс мектептерінің 7 оқушысы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 6 - 10 жас аралығындағы қатысушылар арасында I орын А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ жас орындаушылары, 11 - 14 жас аралығындағы қатысушылар арасында I орын - № 41 ЖОМ, II орын - № 21 ЖОМ, III орын - № 35, 24 ЖОМ оқушылары иеленді. 15 - 18 жас аралығындағы қатысушылар арасында II орынды № 41, 25 ЖОМ оқушылары иеленді.