Павлодар қаласының білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 19 желтоқсан күні «Ертіс сыңғыры - 2022» облыстық бард ән фестивалі өтті. Фестивалге облыстың 15 жалпы білім беретін, мамандандырылған мектебінің 80-нен астам оқушысы қатысты. Қатысушылар 3 жас тобында 3 шығармашылық номинациялары бойынша өнер көрсетті.
Оқушылардың орындауында Юрий Визбор, Болат Окуджава бардтарының әндері шырқалды. Аманжол Шамкенов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Минеев Владимир Высоцкийдің «Вершины» әнін орындады. № 26 ЖОМ оқушылары Попкова Каролина мен Нұрмұханбет Ержан Павлодар облысының танымал барды Марина Каримованың «Павлодар» әнімен дуэт жасады. Фестивалдің ең жас қатысушылары А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушылары «Аққу» ансамблі - музыка пәні мұғалімінің, өз жетекшісі Посадевец Галина Васильевнаның әнін орындады.
- Бард бағыты 50-ші жылдардың соңында пайда болды. Бард әні әрқашан патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, достық қарым - қатынастың беріктігін насихаттады, - дейді «СЮТур» балалар аула клубының «Вертикаль» туристік клубының жетекшісі Оксана Владимировна Дьяченко.
«Гитарамен жеке орындау» номинациясы бойынша жүлделі орындарға облыс мектептерінің 12 оқушысы ие болды, оның ішінде 11 - 14 жас аралығындағы қатысушылар арасында І орын А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушылары, II орын - № 41 ЖОМ, 17, 18, III орын - № 41 ЖОМ (2), 15 - 18 қатысушылар арасында I орынды А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей, № 25 ЖОМ, II орынды № 40 ЖОМ, ІІІ орынды А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей, № 25 ЖОМ оқушылары иеленді.
«Дуэттер» номинациясы бойынша облыс мектептерінің 8 оқушысы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде 11 - 14 жас аралығындағы қатысушылар арасында І орынды Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейі, II орынды Ә. Бөкейхан атындағы мектеп - лицейі, № 41 ЖОМ, III орын - № 24 ЖОМ оқушылары иеленді. 15 - 18 жас аралығындағы қатысушылар арасында І орынды № 26 ЖОМ, ІІ орынды А. Шамкенов атындағы мектеп - лицей оқушылары иеленді.
«Ансамбль» номинациясында облыс мектептерінің 7 оқушысы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 6 - 10 жас аралығындағы қатысушылар арасында I орын А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ жас орындаушылары, 11 - 14 жас аралығындағы қатысушылар арасында I орын - № 41 ЖОМ, II орын - № 21 ЖОМ, III орын - № 35, 24 ЖОМ оқушылары иеленді. 15 - 18 жас аралығындағы қатысушылар арасында II орынды № 41, 25 ЖОМ оқушылары иеленді.