ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Робототехника бойынша қалалық олимпиада туралы
04-01-2023 16:34

2023 жылғы 24 қаңтарда сағат 10.00 - 17.00 Павлодар қаласының № 25 мектебінде Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық турнирдің қалалық кезеңі өткізіледі.

Қаланың 30 жалпы білім беретін мектебінің 4 - 11 сыныптарының 170 оқушысы қатысады.

Мақсаты - қатысушылардың қойылған мақсатқа жету үшін роботтарды бағдарламалау дағдыларын тексеру, ақпараттық-коммуникативтік және инженерлік-шығармашылық құзыреттіліктерін дамыту, робототехникамен, бағдарламалаумен айналысатын, стандартты емес ойлауы, сындарлы іс-әрекетке қабілеттері бар дарынды оқушыларды қолдау.

Олимпиада жеті бағыт бойынша өтеді: «Кегельринг - квадро», «Робо - сумо», «Лабиринт», «Эстафета», «Сызық бойынша жарыс», «Биатлон - кіші санат», «Биатлон аға санат».

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы  білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

 

Павлодар қаласының білім бөлімі