Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2023 жылғы 11 қаңтарда қаланың қосымша білім беру мекемелерінің басшыларымен кеңес өткізді.
Кеңесте «Қосымша білім беру мекемелерінде патриоттық тәрбие беру жөніндегі іс-шараларды іске асырудың тиімділігі туралы», «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру туралы» мәселелер тыңдалып, талқыланды.
Кеңесте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы іс-шараларды жоспарлы өткізу бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалармен, мүгедек балалармен жұмыс істеу мәселелерін бақылауға алу туралы тапсырмалар берді. Ата-аналар жұртшылығымен қосымша білім беру ұйымдарының қызметіне, жұмыс тәжірибесімен алмасуға ерекше назар аударды.
Әлеуметтік желілерде қосымша білім беру мекемелерінің қызметі туралы материалдарды, бейнероликтерді жариялау туралы ұсыныстар берілді.