ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық турнирде жас туристер 57 жүлделі орынға ие болды
13-01-2023 10:26
Республикалық турнирде жас туристер 57 жүлделі орынға ие болды

Спорттық туризм бойынша республикалық турнирде және спорттық туризм бойынша Қазақстан чемпионатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының 18 адамнан тұратын командасы өнер көрсетті. Турнир 4-8 қаңтарда Алматы облысының Чапаев кентінде өтті.

Турнир «Жеке», «Байламдар», «Эстафета», «Командалық» қашықтықтар бойынша өткізілді. Экология және туризм орталығы 14 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдер тобынан үш команда және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер тобынан бір команда шығарды.

Жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте «Павлодар» командасы I орын алды, «Павлодар 1» командасы қола жүлдеге ие болды.

Спорттық туризм бойынша Қазақстан чемпионатында I орынды «Павлодар» командасы иеленді. Жалпы есепте павлодарлықтар 57 жүлделі орынға ие болды - 21 бірінші, 15 екінші, 21 үшінші.

- Мен үшін басшы ретінде біздің команданың өнері ең әсерлі болды. Егер басқа командаларда 3 ұл мен қыз болса,  біздің командада 3 қыз және ұл болды, олар республиканың қалған командаларына қарағанда жақсы өнер көрсетіп, ІІІ жалпы командалық орынға ие бола алды, - деп өз әсерлерімен басшы Ирина Валерьевна Ридзаускене бөлісті.

«Юниорлар» тобындағы қыздар арасында «Жеке» дистанциясында М. Әуезов атындағы мектептің 9-сынып оқушысы, «Павлодар-1» командасынан Бикмулина Дания чемпион атанды.

«Байламдар» қашықтығында аралас байламда І орын «Павлодар» командасынан М. Әуезов атындағы ЖОМ 9-сынып оқушысы Муравкина Дарья, ұл балалар арасында М. Әуезов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Идрисов Елнұр болды.

Жасөспірімдер арасында «Эстафета» қашықтығында ІІ орынды «Павлодар» командасы, ІІІ орынды «Павлодар-1» командасы иеленді.

Ең қиын қашықтықтардың бірінде «Командалық» ІІ орынды «Павлодар» командасы, ІІІ орынды «Павлодар-1» командасы иеленді.