ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қ. Битібаева атындағы қалалық олимпиада туралы
17-01-2023 09:06

2023 жылғы 16 ақпанда сағат 10.00-де № 7 ЖОМ (Жеңіс Алаңы  к-сі, 13) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Битібаева атындағы қалалық олимпиада өтеді.

Мақсаты - қазақ тілін, классикалық әдебиетті үйренумен айналысатын оқушыларды қолдау. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 9 - 11 сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада екі кезеңде өтеді: эссе жазу, Қ. Битібаеваның ғылыми және публицистикалық еңбектері, қазақ тілі мен әдебиеті  бойынша ауызша жауаптар.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы  білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады. Олимпиаданың ұйымдастырушысы «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы болып табылады.

 

Павлодар қаласының білім бөлімі