kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2395771
Бір айда231630
Бір аптада44971
Кеше9237
Тәулік1680
Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі туралы
17-01-2023 13:11

2023 жылғы 20 қаңтарда сағат 9.00-де Малайсары батыр атындағы ЖОМ «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын   дамыту орталығымен  қазақ лигасының пікірсайысшылары  арасында ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі  ұйымдастырылды.

Мақсаты - оқушылардың елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және көпшілік алдында талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.

Турнирге мемлекеттік тілде оқытатын мектептерден 9 - 11 сынып оқушылары қатысады.

Турнир екі турда өтеді: іріктеу және қорытынды. Іріктеу кезеңі 3 ойыннан тұрады, оның қорытындысы бойынша қорытынды кезеңге қатысатын сегіз команда анықталады.

Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаз команда Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне өтеді.

 

Павлодар қаласы білім бөлімі