kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2396339
Бір айда232198
Бір аптада45539
Кеше9237
Тәулік2248
Жас журналистің республикалық байқаудағы жетістігі
19-01-2023 09:37
Жас журналистің республикалық байқаудағы жетістігі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің оқу-өндірістік комбинатының оқушысы Амира Жәтекей «Мен - репортермін» - «Я - репортер» республикалық байқауының күміс жүлдегері атанды. Байқау Астана қаласында өтті, ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қосымша білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік орталығы болып табылады.

Байқауға ол «Менің әлемім! Менің елім!» атты Отан туралы, Қазақстанның жетістіктері туралы репортаж-эссе ұсынды және Қазақстанның 400-ден астам оқушылардың арасында екінші орынға ие болды.

«Олар бәсекелестікке төтеп беріп, Павлодар журналистикасының деңгейін көрсетті. Бұл тамаша нәтиже», - дейді оқу комбинаты директорының орынбасары Светлана Леонидовна Новосёлова.

Амира № 26 жалпы орта білім беру мектебінде 11-сыныпта оқиды, екінші жыл «Ирбис» телеарнасының журналисті, тележүргізуші Артём Маратұлы Булановтың жетекшілігімен «Журналистика және блогинг» арнайы курсы бойынша оқу комбинатында білім алуда. Оқушылар «Ирбис» телеарнасында тәжірибеден өтіп, өз репортаждарын жасауды үйренеді.

Естеріңізге сала кетейік, оқу-өндірістік комбинаты павлодарлық оқушыларға 8 мамандық бойынша кәсіптік бағдар беретін білім беру ұйымы болып табылады. Мектеп оқушылары мамандыққа деген алғашқы қадамдарын және болашақ мамандықты саналы түрде таңдау үшін дайындығын қалыптастыруды 7-сыныптан бастайды. Қазіргі уақытта оқу комбинатында қаланың 34 мектебінен 7 - 11 сынып аралығындағы 2357 оқушысы оқиды.