Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың тәрбие жұмысындағы психологиялық-педагогикалық қолдаудың рөлі
20-01-2023 09:59
Оқушылардың тәрбие жұмысындағы психологиялық-педагогикалық қолдаудың рөлі

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті облыстың білім беру басқармасымен, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп ZOOM платформасында онлайн режимінде «Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеудің кешенді тәсілі» атты облыстық әдістемелік семинар өткізді.Мақсаты - әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 150-ден астам педагог-психологтері қатысты.

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова семинарда девиантты мінез-құлықты балалармен, «тәуекел тобындағы» балалармен, ата-аналармен, педагогтермен, білім беру ұйымдарының психология қызметтері жұмысының негізгі бағыттарына, қала және облыс мектептеріндегі педагог-психологтардың кәсіби өсуін арттыру, «Үздік психолог - 2023», «Инклюзия бойынша шебер-сағат республикалық кәсіби байқауларына қатысу мәселелеріне тоқталды.

   Педагог-психологтің педагогикалық ұжыммен, ата-аналар қоғамымен өзара іс-қимыл моделін ұсынды, мектеп педагог-психологінің қызметі мен функционалдық міндеттеріне тоқталды, Павлодар ауданы Луганск мектебінің педагог-психологі Светлана Табысқызы Баймағамбаева «Девиантты мінез-құлықты балалармен жүйелі жұмыс негіздері» тақырыбындағы баяндамада құжаттаманы жүргізу және қорытындылар, сипаттамалар мен ұсынымдар жазу тізбесімен таныстырды.

   Педагог-зерттеуші, Павлодар қаласы №29 ЖОМ психологі Ольга Витальевна Стулова девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесімен бөлісті. Мектепішілік бақылауда тұрған «тәуекел тобындағы» балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша материалдар ұсынды, девиантты мінез-құлықты балалармен диагностика және түзету жұмыстарын жүргізу, балалардың мінез-құлқын түзету және әлеуметтендіру мәселелері бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізу бойынша ұсыныстар берді. Түзету әдістерімен және тренингтермен таныстырды: «Жағдайлар - ой - эмоциялар - әрекет» жаттығуы, «Окно Джохари» өзін-өзі дамыту техникасы, «Квадрат Декарта» әдісі.

   Семинар қатысушыларына әдістемелік ұсынымдар, нормативтік-құқықтық құжаттамалардың тізбесі, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің құжаттамасын ресімдеу үлгілері, облыстық және республикалық білім беру порталдарының сайттарына сілтемелер берілді. Семинар-практикум қатысушылармен алынған ақпараттың практикалық маңыздылығымен, қол жетімділігімен, сұранысымен атап өтілді. Семинар материалдары, презентациялар педагог-психологтер мен мектептердің чатына жіберілді.