ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептегі логопедиялық жұмыс
26-01-2023 10:59
Мектептегі логопедиялық жұмыс

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 26 ЖОМ облыстық ресурстық орталығымен бірлесіп «Дыбыстық айтылымды қою» оқыту қалалық семинар-практикумын өткізді. № 2, 5, 6, 7, 9, 14, 15 (4), 16, 18, 24, 25, 26, 33, 34, 39, Қ. Мақпалеев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Бөкейхан атындағы, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 20-дан астам логопед-мұғалімдері қатысты.

Семинар-практикумда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Семенқызы Нұрахметова мектептің жалпы білім беру кеңістігіндегі логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары, логопункттер қызметінің басым бағыттары, логопед-мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша түсініктеме берді.

Логопед-мұғалімдер жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қазақ тілінің мұрын жолды үнді дыбыстарды, ысқырық және ерекше дыбыстарды қоюдың тиімді әдістер мен тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша үш шебер-сабақты өткізді.

Пшенко Юлия Анатольевна, педагог-зерттеуші, № 26 ЖОМ логопед-мұғалім, қалалық логопед-мұғалімдер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі «Мұрын жолды үнді дыбыстарды қоюдың әдістері мен тәсілдері» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Шебер-сабақты № 15 ЖОМ логопед-мұғалімдері Аманқұлова Альфия Қабидоллақызы мен Амаркулова Әлия Дәулетханқызы «Ысқырық дыбыстарды қоюдың ерекшеліктері» тақырыбында, Қ.Бекхожин атындағы ЖОМ логопед-мұғалімі Шаханова Майда Қайниденқызы «Қазақ тілінің ерекше дыбыстарын қоюдың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өткізді. Баяндамашылар сөйлеу тыныс алуын дамыту және артикуляциялық аппарат бұлшықеттерінің жеткілікті қозғалғыштығын пысықтау, ақаулы айтылымды түзету бойынша практикалық жаттығуларды, дыбысты айту кезінде сөйлеу аппаратының негізін көрсетті.

 

Түзету жұмыстарының тиімділігі көбінесе семинарда тәжірибелі мұғалім-тәлімгерлер ұсынған жұмыстың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдануға байланысты. Логопед-мұғалімдердің педагогикалық шеберханасы жас логопедтердің құзыреттілігін арттыруға көмектесті, олардың білім багажын бастауыш сынып оқушыларының дыбыстық айтылымын қою бойынша балалармен жұмыс жасаудың практикалық материалдарымен және әдістемелерімен толықтырды. Семинар материалдары қала мектептеріне жолданды.