Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодарлық оқушылардың орындауындағы күйлер
07-02-2023 11:52
Павлодарлық оқушылардың орындауындағы күйлер

2023 жылғы 4 ақпанда «Саз керуені» қалалық фестиваль-конкурсына № 26, 29, 35, 30, 24, М. Әуезов атындағы, № 3 гимназия құрамында 50-ден астам оқушы бар мектептердің ансамбльдік домбыра ұжымдары қатысты. Мақсаты - дарынды балаларды қолдау, балалардың көркемдік ұжымдарын, орындаушылық шеберліктерін дамыту. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебі болып табылады.

Конкурс шарттары бойынша қатысушылар қазақстандық авторлардың күйлерін, халық күйлерін орындады. Конкурстың қазылар алқасына Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының «Шаңырақ сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі, мәдениет үздігі Садықов Ризолла, музыка мектебінің өкілдері кірді.

Конкурстың қорытындысы бойынша № 35 ЖОМ «Үкілі домбыра» домбыра ансамблі «Нәр ағашы» халық күйін орындағаны үшін бірінші орынды иеленді.

Екінші орынды № 26 ЖОМ «Ұлар» домбыра ансамбльдері «Нәр ағашы» халық күйін орындағаны үшін, М. Әубәкіровтің «Наркескен» күйін орындағаны үшін № 29 ЖОМ «Жалын» ұжымы, № 24 ЖОМ «Әсем қоңыр» ұжымы Ж. Енсеповтың «Балбөбек» күйін орындағаны үшін иеленді.

Үшінші орынға № 30 ЖОМ «Жігер тобы» халық күйлері «Айжан қыз», М. Әуезов атындағы ЖОМ «Сарыарқа» ұжымдары Дина Нұрпейісованың «Партия туралы» күйін орындағаны үшін және № 3 гимназияның домбыра ансамблі Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйін орындағаны үшін иеленді. Конкурс жеңімпаздары Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің мадақтамаларымен марапатталды.

- Қала мектептерінде домбыра ұжымдары бар және оларға дарынды домбырашы оқушылар қатысатыны қуантады. Қатысушылар музыкалық жанрларға, халық күйлеріне, композиторларға және олардың шығармаларына қызығушылық танытып, халық аспаптарын меңгергендерін көрсетті, - деп атап өтті музыка мектебінің бөлім меңгерушісі Гаухар Арғынқызы Абжанова.