ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі
10-02-2023 15:47
Оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі

   Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2023 жылғы 9 ақпанда №29 мектепте «Оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне жүйелі тәсілді ұйымдастыру» (ОБЖМ) семинар-практикумын өткізді. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 40-тан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинардың модераторлары бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық шығармашылық тобы болды.

  Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қайырғазина Шолпан Шаханқызы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи тәсілдер арқылы оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу мәселелері бойынша сөз сөйледі. Семинар үш блок бойынша өтті.

  «Бастауыш сынып оқушыларын сыртқы бағалауға қойылатын жаңа талаптар» тақырыбындағы ақпараттық блокта № 41 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Наталья Геннадьевна Лаврикова сөз сөйледі.

  «Воркшоп» топтық даму әдісі бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында практикалық блокта Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебінің педагогі Пфейфер Елена Васильевнаның жұмыс тәжірибесінен «Математиканы оқыту кезіндегі функционалдық сауаттылық, бастауыш сынып оқушыларын даярлау сапасының интегралдық сипаттамасы ретінде», №29 ЖОМ мұғалімі Таргаева Лариса Анатольевнаның «Оқушылардың математикалық сауаттылық бойынша ОБЖМ-ға дайындық деңгейіне жүйелі іс-әрекет тәсілі» мәселелері қаралды. Оқушылардың жауаптарын жедел өңдеуге, статистиканы талдауға және мұғалімге ыңғайлы түрде беруге мүмкіндік беретін білімді автоматты бақылаудың заманауи құралдары ашылды.

   Үшінші блокта мұғалімдер Емельянова Наталья Тахировна (№24 ЖОМ) және Симдянкина Светлана Ивановна (А. Шамкенов атындағы лицей-мектебі) «Әдеби оқу сабақтарында білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығын қалыптастыру», мұғалімдер Дубовская Эльвина Геннадьевна (№ 29 ЖОМ), Булатова Айнагуль Николаевна (№ 33 ЖОМ) «ОБЖМ дайындық шеңберінде жүйелі тәсіл арқылы оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту» мәселелері қаралды.ОБЖМ-ға дайындық кезінде мобильді қол жетімділік арқылы әртүрлі заманауи интерактивті ресурстарды пайдалануға бағытталған.

  Қалалық шығармашылық топ ОБЖМ-ға дайындық бойынша функционалдық сауаттылықтың үш бағыты бойынша жаңа әдістемелік құрал ұсынды. Апробацияға арналған материалдар қала мектептеріне жіберілді.