Павлодар қаласының № 26 мектебінде 10 ақпанда мекеменің 60 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шара өткізілді.
- 100 орындық жаңа ғимарат 1962 жылы МДС шағын ауданында ашылды. Осы кезеңде мектеп 2500-ден астам оқушыны оқытып шығарды, бүгінгі таңда контингент 1172 баланы құрайды. Мектепте тұрақты, тәжірибелі ұжым жұмыс істейді, оның 32% педагог-зерттеушілер, - деп атап өтті мектеп директоры Любовь Анатольевна Щербакова.
Салтанатты шараға Павлодар қаласының білім бөлімінің өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, 1968 - 2022 жылдардағы түлектер қатысты.
Алғыс сөздері Ресейде, Германияда, Қазақстан өңірлерінде тұратын мектеп түлектерінен, педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналды, Г. С. Абилгазина, Ж. Н. Байгожина, Б. С. Байдильдина, Н. Н. Борецкая, Ж. Б. Бегалина, Т. В. Горлова, Н. Н. Дубовская, Д. А. Ибраева, Н. В. Карташова, Л. Ф. Недовенчанная, Л. Н. Рябова, О. Н. Солосин, Б. М. Сыздыкова.
Бейне ашықхатты Н. А. Бауэр, Л. А. Баева, 1968 жылғы мектептің алғашқы түлектері жіберді. Сыныптастарының атынан мерейтоймен № 46 мектептің директоры А. Б. Толеуов құрдастарының атынан мектепті мерейтойымен құттықтады.
Мектептің дамуына елеулі үлес қосқан мұғалімдер Павлодар қаласының білім бөлімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды, Гульгайша Зияденовна Макатова, Елена Александровна Ушакова, Аслима Ризолловна Медетова, Ирина Александровна Павлюченко, Галина Николаевна Викулова, Арайлым Болатқызы Теміржан.
Мектепте 22 жыл директор болып жұмыс істеген мектептің бұрынғы директоры Надежда Петровна Паршукова сабақтастықты жалғастыру және дәстүрлерді сақтау, мектептің жетістіктері туралы өз сөзінде атап өтті.