ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Кішкентай талапкерлердің қуанышын қуана хабарлаймыз
16-05-2011 12:19

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес № 24 жалпы орта білім беру мектебінде  қаланың төменгі сынып  оқушыларының арасында  қазақтың  бас ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығын  кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде 2011 жылғы  12 мамырда  дәстүрлі қалалық  «ІІ Абай Құнанбаев оқулары» өткізілді.

Оқудың  негізігі мақсаты - қазақтың ұлы ойшыл ақыны  Абай Құнанбаев шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, рухани байлыққа шақыру, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында  тәрбиелеу, Отанға, адамға деген  сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылыққа баулу, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып, олардың өнерінің шыңдала түсуіне,сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу.

Талапкерлердің өнерін қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлерімен бірге  білікті ұстаздар және Ж.Айтауытов драма театрының актері Д. Адилов, республикалық деңгейдегі айтыскер ақын

Қалалық деңгейде өткен оқуға қала мектептерінің ішінде қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: № 2, 4, 5, 6, 9, 11, 12,13, 14,  16, 17, 21, 22, 24, 25, 26, 28, 29, 30, 33, 34, 35, 36,  38,   39,40,  41, 42,  ОТК-42, КОМ, Стикс ( 31 мектептен 75 оқушы қатысты).

Мүлдем қатыспаған мектептер:  18, 19, 23, 27, 31, 32, 43.

 ІІ Абай Құнанбаев» оқулары бойынша:

 «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу  номинациясынан

Бас жүлдеге № 38  ЖОМ, 3 қазақ сынып оқушысы Бақытхан Хозы ие болды;

І орынға – № 40 ЖОМ, 3-4 қазақ сыныбы оқушылары Арман Жансая мен Арман Құралай иеленді;

ІІ орын – № 35 ЖОМ, 4 қазақ сыныбы оқушысы Жылқыбай Шыңғыс және № 36 ЖОМ  3 орыс  сыныбы оқушысы Дрешер Виктория  алды.

ІІІ орынды  № 21 ЖОМ 4 орыс сыныбы оқушысы Ахмедова Сабина және № 9 ЖОМ 3 орыс сыныбы оқушысы Абдықалықова Ақжарқын,   № 22 Атығаева Жаннагүл бөлісті.

Арнайы дипломмен 25 өлең жаттаған № 24 ЖОМ 1 сынып оқушысы Қасымқанова Еркежан марапатталды.

Марапаттау дипломы мына мектеп оқушыларына табысталды.№ 4, 11,12, 17,21, 28, 38, 39.

       Осы аталым бойынша сайыс шартын орындамай, оқушыға 10 өлеңнен аз жаттатып немесе өлеңді жартылай ғана жаттатқан (толық емес: 5 шумақтың  екеуін ғана) сайысқа келген мектептер: № 4 орыс тіліде оқытатын мектеп 6 өлең, № 5 (6), № 6 (4), №7 (8), 14(8), Стикс (4). Осы орайда, қалалық сайыс деңгейін төмендетпеуді ескертеміз.   

 «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындаршығармашылығы номинациясынан

І орынға – №  38 ЖОМ  4 қазақ сыныбы оқушысы Сұраған Хұмырзақ иеленді.

ІІ орындарды – № 25 ЖОМ  қазақ сыныбы оқушысы  белғожинова Зарина  және  № 39  қазақ сыныбы оқушысы Төлеуова Мөлдір алды.

ІІІ орынға - № 4 ЖОМ  қазақ сыныбы оқушысы Құсайынова Карина және  № 22 ЖОМ  4 қазақ сыныбы оқушысы Шакенова Айжан  қол жеткізді.

Марапаттау дипломына мына мектеп оқушысы ие болды: № 24

«Көңiлiм әндi ұғады» әндер орындау номинациясынан

Бас жүлдеге № 35 ЖОМ  4 сынып оқушысы Сейітова Дильдара ие болды.

І орынды №  40 ЖОМ   қазақ сыныбы оқушысы Бисмиьдинова Инкар иеленді;

ІІ орындарды – № 22 ЖОМ  3  сынып оқушысы  Аманкельдинова Камила және № 41 ЖОМ 4  сынып  оқушысы Есманова Надира алды.

ІІІ орындарға  № 25 ЖОМ 4 сынып оқушысы Мұхамеджанова Гүлназ және № 4 ЖОМ 3 сынып  оқушылары Әлімхан Дінмұхамед және Рахат Шыңғыс қол жеткізді.  Жігерлі жеңістер мен тұғырлы табыстарға жете беріңдер деген тілек білдіреміз.