ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Бала қауіпсіздігі
25-05-2023 10:42

Жылы күндердің басталуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Тек соңғы үш жылда терезеден 31 бала құлап, оның ішінде 8 бала қайтыс болды. Ағымдағы жылы облыста соңғы екі айда көпқабатты үйлердің пәтер терезелерінен 3 бала құлап, алған жарақаттарынан салдарынан 2 бала қайтыс болды. Құлау жағдайларының көпшілігі біз ересектер балаларды қараусыз қалдырған кезде, терезелерді жабуды ұмытып кеткенде, терезелерде блокаторлар, торлар болмаған кезде, жиһаз дұрыс орналастырылмаған кезде пайда болады, бұл балаларға терезеге өздігінен көтерілуге мүмкіндік береді. Есіңізде болсын, масалардың торы жабық терезенің елесін жасайды.

2023 жылғы 27 мамырда сағат 14.00-де білім бөлімі қаланың мектепке дейінгі ұйымдарымен бірлесіп, «AMANAT»  партиясының Павлодар қалалық филиалының қатысуымен «Батырмол» СОО алаңында «Бала қауіпсіздігі» акциясын өткізеді.

Біз қауіпсіздік үшін! Сіз бізбен біргесіз бе?

 

Павлодара қаласы білім беру бөлімі