ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ақпараттық компьютерлік технологиялар - заман талабы
30-05-2011 10:37

Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі - жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайдың талабы. Осыған орай,   қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 1 мектепте жыл бойы қала мектептерінің қазақ тілі мұғалімдері жиналып,  ақпараттық технологиялармен танысты. Шығармашылық топқа қатысуға 34 мұғалім тілек білдірді.Үйрену барысында  ұстаздардың сабаққа Activstudio бағдарламасында  дайындаған материалдарының жинағы әзірленді. Семинардың ақырғы отырысында дайындаған материалдарын қорғап, 15 мұғалім  сертификатқа ие болды (тізімі жеке берілген)  Сонымен қатар, ендігі оқу жылына екі шығармашылық топ құрастырылды. Қазақ мектептерінде жұмыс істейтіндер бір топ құрса, орыс мектебінде қазақ тілін беретін мұғалімдер жеке бір топ ұйымдастырды.  Сондай-ақ,  жас ұстаздардың ақпараттық технологияларды тез меңгеретінінің дәлелі ретінде № 43 мектеп мұғалімі Долголевец А.К., № 1 мектептен Түсіпова Р.А.,  № 14 мектептен Аскапова А.А. Pover Point бағдарламасында  бастауыш сыныпқа арналған электрондық кешен бастады. Бұл ұстаздарға сараптама шешімімен тамыз мәжілісінде мұғалімдер алдында көрсетуге ұсыныс жасалды. Жұмысын қорғап, сертификатқа ие болғандар: Түсіпова Р.А.(№ 1),  Рахметова У.И. (№ 2), Идрисова К.Ш. (№ 5), Камалиева К.М.(№ 7), Дарабаева А.С. (№ 9), Жұмабекова А.А.(№ 12), Асқапова А.А. (№ 14), Тұрсынқұлова Ж.К.(№ 22), Жанғабылова Н.Е. (№ 25), Ақпарова Т.Т. (№ 26), Ертаева А.Х. (№35), Ковей А.А. (№ 38),  Темірбаева Б.Ж. (№ 39), Жүсүпова Г.Ж. (№ 41), Долголевец А.К. (№ 43).