ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Шәкәрім оқулары туралы
07-10-2024 12:52

2024 жылғы 11 қазан күні сағат 10.00-де № 43 ЖОМ-да Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  «Шәкәрім оқулары» республикалық оқуларының қалалық кезеңін өткізеді. Мақсаты - дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармашылығын зерттеу және білу.

Оқу шарттары бойынша 8 - 11 сынып оқушылары, конкурстың мектеп кезеңінің жеңімпаздары арасында төрт бағыт бойынша өткізіледі: «Мен жаздым   өлеңменен  бірталай сөз» - өлеңдерді жатқа оқу, Шәкәрімнің поэзиясы мен поэмаларынан үзінділер, «Ән - өлшеуіш, өлең - күміс» - Шәкәрімнің әндерін орындау, «Арыңның болсынөлең айнасындай» - жас ақындар байқауы, «Шәкәрім әлемі» - эссе жазу.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Қалалық оқу жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.

 

Павлодар қаласының білім бөлімі