ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациалық педагогикалық тәжірибенің алқалы тыңдалымы өтті
06-02-2013 13:19
Инновациалық педагогикалық тәжірибенің алқалы тыңдалымы өтті

           Ұстаздың  құзіреттілігін көтеру жолында Павлодар қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет қызметкерлері  көптеген жұмыстар атқаруда, соның ішінде  инновациялық педагогикалық озық тәжірибесін жинақтауға, қорғауға, таратуға қатысты  біршама пайдалы іс-шаралар. Осы жолда дәстүрге айналған инновациялық педагогикалық тәжірибе өткізілді. Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастырған алқалы тыңдалымының басты мақсаты - шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен   жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін  дарынды ұстаздарды анықтау. Инновациялық педагогикалық тәжірибемен бөлісу 3 кезеңнен тұрады.

    1 кезең 2012 жылдың қараша айында, Павлодар қаласының білім беру бөлімінде өткізілді. Бұл сатыда қала мектеп мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін жалпыламау бойынша іріктеу туры өтті. Сараптама комиссия мүшелері57  жұмысты қарастырып, солардың ішінде 47 жұмысты қалалық деңгейде қорғауға ұсынды. Сонымен бірге 4 мұғалімнің жұмысы  облыстық деңгейде қорғауға ұсынылды.

   2 кезең 2013 жылдың 29 қаңтар айында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының  базасында алқалы тыңдалым формасында өткізілді. Бұл кезеңде озық тәжірибемен бөлісетін мұғалімдер өз тәжірибелерімен таныстырып, қала мектеп мұғалімдер, әділ қазылар алдында қорғады. Инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғаудың білікті де, білімді де әділ қазылар мүшелерін  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Инновациялық Евразиялық университінің профессорлық- оқытушы құрамы, мектеп директорларының орынбасарлары және қала мектептерінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдері  құрады.

   3 кезең, тәжірибе тарату мүмкіндігін негіздейтін сертификат құжаты берілген соң, 2013-2014 оқу жылында қала бойынша  тәжірибесі таратылып, өз жалғасын табады. Биылғы жылдың озық тәжірибемен бөлісудің ерекшеліктері, ол Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының,  Инновациялық Евразиялық университінің профессорлық-оқытушы құрамы мұғалімдердің еңбектерін алдын-ала қарастырып, өз пікірлерін беруінде,  инновациялық білім беру орталығымен бірге ынтымақтастықта қызмет атқаруында, инновациялық педагогикалық тәжірибемен бөлісудің алқалы тыңдалымы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының базасында өткізілуінде.

  Инновациялық тәжірибенінің алқалы тыңдалымы 8 секция бойынша өтті. 43 ұстаздың озық тәжірибесі «Педагогикалық тәжірибе–2013» қалалық банкқа енгізіледі. Ал келесі мұғалімдердің жұмыстары жаңашылдығымен және өзектілігімен көзге түсіп, ең үздік жұмыс деп белгіленді: Рыспаева Қанағат Набиқызы, Шахманова Қарлығаш Зиядиқызы, Жақсылықова Жанар Жұмагұлқызы (№25,№22,№21  ЖОМ, бастауыш сынып мұғалімдері),Смагұлова Бахыт Туяққызы(КОМ, қазақ тілі мұғалімі), Сакирко Елена Ивановна, Тоқпанова Камария Мүтапқызы, Кадакова Светлана Юрьевна (№13 ЖОМ, география,биология, технология мұғалімдері).

                                                                            

 

 

     Павлодар қаласының білім                               

                                                                                беру бөлімінің әдіскері                     

        Халида Бекбосынова