Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған интеллектуалды «Жауқазын» олимпиадасы
Павлодарда алғашқы рет бала бақшаға баратын бүлдіршіндер үшін интеллектуалды «Жауқазын» олимпиадасы өтті. Логикалық және шығармашылық ойға негізделген тапсырмаға қаланың қазақ және орыс тілінде тәрбие алып жатқан 35 мектепалды дайындық мекемесінен 68 бүлдіршін қатысты. Бұл байқаудың 2-ші кезеңіне 33 тәрбиеленуші қатысатын болды. Жас жеңімпаздар алдағы уақытта дарынды балаларға арналған мектепке конкурстан тыс өтулеріне мүмкіндік алады. Бала бақшалардың әдіскерлері мен тәрбиелеушілері үшін баланы мектепке дайындау мәселесі бойынша қазақ және орыс тілінде семинар ұйымдастырылды. Павлодар жоғары оқу орындарының ғалымдары ата-аналар үшін «Дарынды балалар» атты шеберлік сабағын өткізді.