ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Озық тәжірибе, назар аударыңыздар!
09-01-2012 13:25

Бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыты-қоғам өзгерістеріне қарсы тұра алатын ғана емес, әлеуметтік-экономикалық процестерін басқара алатын  мамандарды қалыптастыру. Шын мәнінде, өркениетті қоғамдағы бәсекелес нарықтық қатынастардың барлық қиыншылықтары- бүгінгі оқушылардың  мойынында. Ал сондай оқушыларды дайындау барша мұғалімдердің алдында тұрған міндет. Осындай келелі міндетті атқару үшін мұғалім үнемі ізденіп, өз кәсіби шеберлігін арттыруға тиіс. Бұл жолда  озық тәжірибемен бөлісетін мамандарда баршылық..

Павлодар қаласының Білім беру бөлімінде озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмыстары іріктеу турынан өтті. Сараптама комиссия мүшелері 84  жұмысты қарастырып,солардың ішінде 63 жұмысты қалалық деңгейде қорғауға ұсынды. Сонымен бірге 9 мұғалімнің жұмыстары  облыстық деңгейде қорғауға ұсынылды. Озық тәжірибені қорғау №16 мектеп базасында өтеді.Эксперттік комиссияның жұмысының қорытындысы бойынша ең жақсы деген жұмыстар «Педагогикалық тәжірибе – 2012» қалалық банкқа енгізіледі.