Бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыты-қоғам өзгерістеріне қарсы тұра алатын ғана емес, әлеуметтік-экономикалық процестерін басқара алатын мамандарды қалыптастыру. Шын мәнінде, өркениетті қоғамдағы бәсекелес нарықтық қатынастардың барлық қиыншылықтары- бүгінгі оқушылардың мойынында. Ал сондай оқушыларды дайындау барша мұғалімдердің алдында тұрған міндет. Осындай келелі міндетті атқару үшін мұғалім үнемі ізденіп, өз кәсіби шеберлігін арттыруға тиіс. Бұл жолда озық тәжірибемен бөлісетін мамандарда баршылық..
Павлодар қаласының Білім беру бөлімінде озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмыстары іріктеу турынан өтті. Сараптама комиссия мүшелері 84 жұмысты қарастырып,солардың ішінде 63 жұмысты қалалық деңгейде қорғауға ұсынды. Сонымен бірге 9 мұғалімнің жұмыстары облыстық деңгейде қорғауға ұсынылды. Озық тәжірибені қорғау №16 мектеп базасында өтеді.Эксперттік комиссияның жұмысының қорытындысы бойынша ең жақсы деген жұмыстар «Педагогикалық тәжірибе – 2012» қалалық банкқа енгізіледі.