Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты семинар- жиналыс
03-02-2012 13:25

Әдістемелік кабинет №7 мектеп базасында математика, физика, химия, биология, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, шет тіл мұғалімдеріне оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша семинар – жиналыс өткізді. Жұмыс барысында жылдар бойы тестілеуден жоғары дәреже көрсетіп жүрген мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісті. Олар тарих пәнінен: Савченко Н.Б.(№34 ЖОМ), Кучукова Г.А.(№35 ЖОМ), Джежора С.Н.(№3 гимназиясы), мтаматикадан: Борискова А.В. (№7 ЖОМ), Аубакирова Г.Н., Наскенова А.С.(№24 ЖОМ) , физикадан: Молдыбаева Г.Т. (№22 ЖОМ), Жумадилова Н.Т.(№16 ЖОМ), қазақ тілінен: Бабажанова О.Д.(№12 ЖОМ), Рамазанова Ғ.З.  (№29 ЖОМ),орыс тілінен : Шуакбаева Ж.Н. (№21 ЖОМ), Хмельницкая Г.И. (№5 ЖОМ), Перегримова В.А.(КОМ), географиядан : Жұмабаева Ә.Қ. (№29 ЖОМ), биолгиядан: Кузнецова Е.В. (Стикс), химиядан: Радченко Г.Р. (№7 ЖОМ).                                                                                                             

    Оқушылары төмен көрсеткіш беріп жатқан қала мұғалімдердің есебі тыңдалды.

    Семинарда  әдістемелік кабинеттің әдіскерлерімен алдын ала тестер нәтижелерінің талдауы жүргізіліп, қиын тақырыптармен жұмыс істеу, қайталауды ұйымдастыру, оқу материалының сабақтастығы бойынша, мәліметтерді блоктап беруге , тақырыптық тестерді қолдануға, нашар оқитын оқушылармен жеке жұмысы және ата-аналармен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге нақты ұсыныстар берілді. ҰБТ-ға сапалы дайындау үшін мұғалімдерге көмек көрсету бойынша әдістемелік кабинеттің өткізетін іс- шараларының жоспарларымен танытырып, ҰБТ-ға дайындау технологиясын көрсетті.