Әдістемелік кабинет №7 мектеп базасында математика, физика, химия, биология, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, шет тіл мұғалімдеріне оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша семинар – жиналыс өткізді. Жұмыс барысында жылдар бойы тестілеуден жоғары дәреже көрсетіп жүрген мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісті. Олар тарих пәнінен: Савченко Н.Б.(№34 ЖОМ), Кучукова Г.А.(№35 ЖОМ), Джежора С.Н.(№3 гимназиясы), мтаматикадан: Борискова А.В. (№7 ЖОМ), Аубакирова Г.Н., Наскенова А.С.(№24 ЖОМ) , физикадан: Молдыбаева Г.Т. (№22 ЖОМ), Жумадилова Н.Т.(№16 ЖОМ), қазақ тілінен: Бабажанова О.Д.(№12 ЖОМ), Рамазанова Ғ.З. (№29 ЖОМ),орыс тілінен : Шуакбаева Ж.Н. (№21 ЖОМ), Хмельницкая Г.И. (№5 ЖОМ), Перегримова В.А.(КОМ), географиядан : Жұмабаева Ә.Қ. (№29 ЖОМ), биолгиядан: Кузнецова Е.В. (Стикс), химиядан: Радченко Г.Р. (№7 ЖОМ).
Оқушылары төмен көрсеткіш беріп жатқан қала мұғалімдердің есебі тыңдалды.
Семинарда әдістемелік кабинеттің әдіскерлерімен алдын ала тестер нәтижелерінің талдауы жүргізіліп, қиын тақырыптармен жұмыс істеу, қайталауды ұйымдастыру, оқу материалының сабақтастығы бойынша, мәліметтерді блоктап беруге , тақырыптық тестерді қолдануға, нашар оқитын оқушылармен жеке жұмысы және ата-аналармен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге нақты ұсыныстар берілді. ҰБТ-ға сапалы дайындау үшін мұғалімдерге көмек көрсету бойынша әдістемелік кабинеттің өткізетін іс- шараларының жоспарларымен танытырып, ҰБТ-ға дайындау технологиясын көрсетті.