ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектеп оқушыларының жазғы демалысының құрылымдық өзгерісі туралы
14-02-2012 03:44

 


Менің сайтыма оқушылардан, мұғалімдерден, ата-аналардан мектеп оқушыларының жазғы демалысының құрылымдық өзгерісі туралы мыңдаған, кейде тіпті бір-біріне қарама-қайшы сұрақтар түсіп жатады.    

Оның бірі кейбір Ресей мектептерінің тәжірибесі бойынша бес-алты апта оқудан кейін апталық демалыс ұсынады. Бұл жоба бойынша оқу жылының ұзақтығы, демалыс күндерінің саны және жазғы демалыс ұзақтығы сол күйінде өзгеріссіз қалады.

Ал енді біреулері Франция тәжірибесі бойынша демалыс уақыты әрбір мемлекеттің өз ішінде аймаққа байланысты өзгеріп отыруы тиіс, бірақ, нақты бір өңір көлемінде бірдей болуы қажет дегенді айтады.

Үшінші біреулері  бес күндік оқу аптасын енгізу және жазғы демалысты қысқарту арқылы күзгі, қысқы және көктемгі демалысты ұзартуды  ұсынады. Міне, мұндай әртүрлі ұсыныстар көп-ақ.

Әлбетте, мұндай күрделі сұрақтар тезге салып шешілмейді. Ол үшін ең алдымен дүниежүзілік тәжірибені терең зерттегеніміз абзал, ұсынылған жобалардың барлық күнгейлі  және көлеңкелі  жақтарын анықтап, ескергеніміз дұрыс. Оның үстіне, міндетті түрде қоғамдық пікірмен де санасуымыз қажет. Сол себепті бүгінгі таңда менің бұйрығыммен құрамында Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, осы салаға қатысы бар мемлекеттік органдар қызметкерлері, білім басқармаларының басшылары, педагогтар, ата-аналар және Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс бір күндік, мүмкін тіпті бір жылдық та емес шығар.

Өйткені, бұл сұрақ жалпымемлекеттік болғандықтан да, жұмыс тобының ұсынысы Үкіметтің, басқа да басқару органдары өкілдерінің қатысуымен тыңғылықты талқыланатын болады. Содан кейін ғана қоғамдық пікірді ескере отырып, қабылданған шешім туралы бір нәрсе айтуға болады.
Басты мақсатымыз – оқу тиімділігін қамтамасыз етіп қана қою емес, сондай-ақ, бала денсаулығын жақсарту. Мұны біз үнемі назарда ұстаймыз.