ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Түлектерді Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындаудың жаңа тәсілдері
30-03-2012 12:47

2012 жылдың 28 және 29 наурыз күні «Алтын белгі» үздік аттестат үміткерлері үшін № 29 ЖОМ-да Қазақстан тарихынан кеңес беру өткізілді. 15 ақпан күні мұғалімдер үшін өткізілген, 1 наурызда өткен жаңа үлгідегі кеңес сағаты оқушыларға да ұнады. 4-сағаттық кеңес беру  3 бөлімнен тұрды: дәріс, бекітуге байланысты тренинг, тақырыптық тестілеу. Кеңес сағатының ерекшелігі «нәтижені қазір және дереу алу» мақсатымен өткізілген.

Күнделікті терендету өткен кеңестін тақырыбы бойынша  15 минут аралығында ең көп тест шешуімен басталған.

Аудиторияда 12 үміткер болып, бекіту бөлімінде әр оқушының қиындық туғызған сұрақтары және жіберген қателері бойынша мұғаліммен талқылауға мүмкіндігі болды. Мұғалімдер тестік бақылауда күрделі тапсырмаларды құрастырып қолданды. Бақылау тестіне кеңес алушылар тақырыпты жан-жақты қарастырғаннан кейін шықты. Тақырыптық тестілеудің нәтижесі: 95 пайыз болып, оқушылар 22-25 ұпайға дейін алды. Тестілеуден кейін үміткерлер өз жұмыстарына талдау жасады. «ХVІII - ХIX ғасырда Қазақстан Ресей империясынын құрамында» тақырыбының сапалы өткізілуін келесі мұғалімдер қамтамасыз етті: Блашкина Анна Ивановна  (№ 4 ЖОМ), Столяров Виктор Петрович (№ 5 ЖОМ),  Айткуженова Салтанат Ергалиевна (№ 7 ЖОМ), Питюкова Оксана Михайловна (№ 9 ЖОМ), Светлана Михайловна Белогурова,  Ксения Александровна  Зотова (№ 11 ЖОМ),   Есет Торехан (№ 12 ЖОМ),   Жунусова Дина Тихоновна (№ 15 ЖОМ),                            Байдолда Марат и  Кузембаев Аян (№ 19 ЖОМ),  Абдрахманова Роза Тендиковна (№ 23 ЖОМ),   Светлана Викторовна Хольченко (№26 ЖОМ).  

Жаңа үлгідегі кеңес беру сағаты қатысушылардың көңілінен шығып, олар кеңес беру сағатының санын арттыруға  және дәріс берген осы мұғалімдерді келесіде де шақыруды ұсынды. Қазақстан тарихынан осы жаңа үлгідегі «құнарландырылған оқыту технологиясымен» әлі 2 кеңес өткізіледі