Павлодар қаласында кіші жас топтағы оқушылар арасында балалар-жасөспірімдердің футбол турнирінен «Былғары доп - 2012» облыстық финал жарыстары өтті. Жарысқа 120 оқушыдан 8 команда қатысты. Финалдық турнирдің қатысушылары Павлодар қаласы № 39 ЖОМ, № 2 ЖОМ, № 22 ЖОМ, № 34 ЖОМ, № 21 ЖОМ, Ақсу қаласы Қызылжар ЖОМ, Лебяжі, Ақтоғай ЖОМ, қалалық, аудандық жарыстардың жеңімпаздары болды.
Жарыстар «Жұлдыз» стадионында өтті және балалар мен үлкендердің қызығушылықтарын тудырды. Облыстық турнирдің жеңімпаздары Павлодар қаласы № 39 ЖОМ командасы, мұғалімі М. Жұмабаев, № 22 ЖОМ оқушылары 2-орын, мұғалімі А. Жармағамбетова, Павлодар қаласы № 2 ЖОМ командасы 3-орын, мұғалімі С. Бихианов алды.
Жеңімпаз командаға кубок және бірінші дәрежелі диплом тарту етілді, команда ойыншылары медальдар және грамоталармен марапатталды. 2,3 орын алған командалар дипломдармен, ойыншылар медальдар және грамоталармен марапатталды.
№ 39 ЖОМ командасы 2012 жылғы маусымның 10-ы мен 18-і аралығында Семей қаласында өтетін финалдық республикалық жарыстарда облыс беделін қорғайтын болады.