Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Былғары доп - 2012» облыстық финал жарыстары!
01-06-2012 03:26

 

Павлодар қаласында кіші жас топтағы оқушылар арасында  балалар-жасөспірімдердің футбол турнирінен «Былғары доп - 2012» облыстық финал жарыстары өтті. Жарысқа 120 оқушыдан 8 команда қатысты. Финалдық турнирдің қатысушылары Павлодар қаласы № 39 ЖОМ, № 2 ЖОМ, № 22 ЖОМ, № 34 ЖОМ, № 21 ЖОМ, Ақсу қаласы Қызылжар ЖОМ, Лебяжі, Ақтоғай ЖОМ, қалалық, аудандық жарыстардың жеңімпаздары болды.

         Жарыстар «Жұлдыз» стадионында өтті және балалар мен үлкендердің қызығушылықтарын тудырды. Облыстық турнирдің жеңімпаздары Павлодар қаласы № 39 ЖОМ командасы, мұғалімі М. Жұмабаев, № 22 ЖОМ оқушылары 2-орын, мұғалімі А. Жармағамбетова, Павлодар қаласы № 2 ЖОМ командасы 3-орын, мұғалімі С. Бихианов алды.

         Жеңімпаз командаға кубок және бірінші дәрежелі диплом тарту етілді, команда ойыншылары медальдар және грамоталармен марапатталды. 2,3 орын алған командалар дипломдармен, ойыншылар медальдар және грамоталармен марапатталды.

         № 39 ЖОМ командасы 2012 жылғы маусымның 10-ы мен 18-і аралығында Семей қаласында өтетін финалдық республикалық жарыстарда облыс беделін қорғайтын болады.