ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Авиамодель спорты бойынша спартакиада жеңімпаздары
23-07-2012 06:20

 

Алматы қаласында 2012 жылғы шілденің 1-і мен 10-ы аралығында мектеп және колледж оқушылары арасында авиамодель спорты бойынша VI республикалық спартакиада өтті. Жарыстарға Қазақстан облыстарынан 11 команда қатысты. Павлодар облысы атынан Павлодар қаласы балалар техника мектебінен 7 оқушы шықты.

Спартакиадада мектеп тәрбиеленушілері Николай Евсеенко радиопланер класында 2-орынға, Максим Маковский  планерлер класында 2-орынға, Дияр Туленов резіңке модельді модельдер класында 2-орынға ие болды.

Қазақстан Республикасы чемпионатында авиамодель спорты бойынша команда жаттықтырушысы Сергей Федорович Соц радиопланерлер класында 2-орын алды.